weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қызылордада жаңа тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, жүздеген отбасы баспаналы болды

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қызылордада 240 пәтерден тұратын алты көпқабатты тұрғын үй кешені ел игілігіне табысталды. Салтанатты шараға қала басшылығы мен қоғам өкілдері қатысты.

Қызылордада жаңа тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, жүздеген отбасы баспаналы болды

Қызылорда қаласының сол жағалауында бой көтерген жаңа тұрғын үй кешендерінің кілтін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Нұржан Ахатов, мәслихат депутаттары, зиялы қауым және ардагерлер қатысты.

Жиында сөз сөйлеген шаһар басшысы тұрғын үй саясаты мемлекет деңгейінде басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, халықты, әсіресе әлеуметтік жағынан осал топтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.

Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының нәтижесінде өңірде тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Биылдың өзінде қалада жүздеген отбасы жаңа пәтерге қол жеткізген. Жыл соңына дейін тағы да мыңнан астам пәтер пайдалануға беру жоспарланған.

Тұрғын үй құрылысына қомақты қаржы бөлініп, бірнеше ондаған көпқабатты үй салынуда. Оның бір бөлігі ипотекалық бағдарламалар арқылы ұсынылса, енді бір бөлігі әлеуметтік санаттағы азаматтарға арналған. Соңғы жылдары қалада заманауи үлгідегі жеті, тоғыз және он екі қабатты үйлер көптеп салынып жатыр.

Бүгін пайдалануға берілген алты тұрғын үй кешенінің жалпы аумағы 15 600 шаршы метрді құрайды. Құрылысына 4,5 млрд теңге жұмсалған. Жобаны өңірде тәжірибесі бар құрылыс компаниялары жүзеге асырған.

Салтанатты жиында құрылыс саласының мамандары еңбегі үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, ардагерлер кеңесінің өкілі құттықтау сөз сөйлеп, жаңа қоныс иелеріне ізгі тілегін жеткізді.

Жаңа пәтерге қол жеткізген тұрғындарға ақжарма тілектер айтылып, қоныс тойлары құтты болсын деген лебіздер білдірілді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→