weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
19 шілде, 2026 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ыстықкөлде екі гидроцикл соқтығысып, шетелдік турист қаза тапты

Ыстықкөлде гидроциклдердің соқтығысуы салдарынан шетелдік турист көз жұмды. Қайғылы оқиға Бостери ауылында болған,— деп хабарлайды newsroom.kz порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ыстықкөлде екі гидроцикл соқтығысып, шетелдік турист қаза тапты

Ведомствоның мәліметінше, 15 шілде күні сағат шамамен 19:00-де Ыстықкөл аудандық ішкі істер бөліміне жедел жәрдем қызметінен Бостеридегі пансионаттардың бірінде болған жазатайым оқиға туралы хабар түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан бір адам қаза тапқан.

«Анықталғандай, сағат 18:45 шамасында төрт шетелдік азамат көл жағалауынан гидроциклдерді жалға алған. Серуен кезінде жағалаудан шамамен бір шақырым қашықтықта 30 жастағы шетелдік азамат басқарған гидроцикл оның досы тізгіндеген басқа гидроциклмен соқтығысқан. Салдарынан ер адам ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды», – делінген хабарламада.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→