Шебердің айтуынша, хош иістің композициясы Қырғызстанның көркем табиғатынан шабыт алған. Әтірдің негізіне Ыстықкөлдің саф самалы, сондай-ақ қырғыз жеріне тән өсімдіктер мен гүлдердің жұпар иісі енген.
Гүлжан Түзел парфюмерия өнерін Францияда меңгергенін, ал анасының туған жері Қырғызстан екенін де атап өтті.
«Қырғыз бауырларым, маған қолдау көрсетіңіздер! Threads-тің, әлеуметтік желілердің және адамдар арасындағы байланыстың күшіне сенемін», — деп жазды ол, желі қолданушыларынан еңбегіне қолдау білдіруді сұрады.
Парфюмердің айтуынша, әлеуметтік желідегі қолдаудың арқасында өзі жасаған ерекше әтірді президент Садыр Жапаровқа жеке табыстауға үміттенеді. Әзірге бұл сыйлықтың мемлекет басшысына тапсырылғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.