weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтауда жүргізушілер бірнеше сағаттап газ кезегінде тұр

18 және 19 шілде күндері Ақтау тұрғындары сұйытылған газ тапшылығы туралы жаппай хабарлай бастады,— деп хабарлайды newsroom.kz порталы qumash.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтауда жүргізушілер бірнеше сағаттап газ кезегінде тұр
Фото: qumash.kz

Lada.kz мәліметінше, автокөлік иелерінен автогаз құю станцияларындағы көп сағаттық кезектерге қатысты ондаған шағым түскен.

Жанармай бекетін іздеуге бірнеше сағат кетеді

«Газ әлі де тапшы. Қала ішінде де, сыртында да үлкен кезектер бар. Отын бар кейбір автогаз құю станцияларында кезек күтуге бірнеше сағат кетеді. Көптеген бекеттер жабық, ал кезек жоқ жерлерде газ тек талон арқылы беріледі. Бүгін өзім екі сағат кезекте тұрдым», – дейді Ақтау тұрғыны.

Көлік жүргізушілерінің айтуынша, газ құюға болатын бекетті іздеудің өзі бірнеше сағатқа созылады.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→