Сарапшылар теңгенің нығаюын бірнеше фактормен байланыстырады. Соның бірі – шетелдік инвесторлардың Қазақстанның мемлекеттік облигацияларына қызығушылығының артуы. Бір жыл ішінде олардың теңгедегі бағалы қағаздарға салған қаражаты шамамен 2 млрд доллардан 5 млрд долларға дейін өскен.
Шетелдіктер облигация сатып алу үшін долларын теңгеге айырбастайды. Осылайша ұлттық валютаға сұраныс артады.
Теңге бағамына бұдан бөлек мұнай бағасы, инфляция, Ұлттық банктің саясаты және Қазақстанның халықаралық қаржы нарығына интеграциялануы әсер етіп отыр.
Ал теңгенің одан әрі күшеюі шетел капиталының қозғалысына, мұнай бағасына және Ұлттық банктің шешімдеріне байланысты болады.