VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтуде. Халықаралық жарысқа 100-ден астам мемлекеттен 3 мыңға жуық спортшы қатысып жатыр.
Биыл спортшылар спорттың 43 түрінен бақ сынайды. Олардың қатарында қазақ халқының дәстүрлі ұлттық спорт түрлері де бар. Осылайша, жарыс тек спорттық бәсекемен шектелмей, көшпелі халықтардың мәдениеті мен тарихи мұрасын кеңінен таныстыруға мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан құрамасы сапында 150-ден астам спортшы өнер көрсетеді. Отандастарымыз бағдарламаның барлық 43 спорт түрінен ел намысын қорғайды.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары халықаралық спортшыларды бір алаңға жинап қана қоймай, ұлттық спортты дәріптеп, түркі және көшпенді халықтардың ортақ мәдени құндылықтарын насихаттайтын маңызды шараға айналып отыр.