Ерлан Спйыр амандасу мәдениеті адамның күнделікті мінез-құлқы мен қоғамдағы әдептілігін көрсететін ұлттық бірегейліктің маңызды элементтерінің бірі екенін атап өтті.
Олардың айтуынша, қазақ қоғамында сәлемдесудің өзіндік қалыптасқан жүйесі болған. Оның негізінде үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ағайын арасындағы байланысты сақтау сияқты құндылықтар жатыр.
«Мәдени код үлкен ұрандардан емес, күнделікті әдеттен басталады», – деді депутат.
Осыған байланысты олар Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігіне амандасу әдебін ұлттық құндылықтарға негізделген әлеуметтік норма ретінде қалыптастырудың әдістемелік ұсынымдарын әзірлеуді ұсынды.
Сонымен қатар депутаттар мектептерде амандасу әдебін күнделікті тәрбие жұмысының тұрақты элементіне айналдыруды сұрады. Бұл бағытта сынып сағаттары, мектеп ережелері, тәлімгерлік, ата-аналармен жұмыс және педагогтердің жеке үлгісін пайдалануды ұсынды.
Сондай-ақ мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйелерінде ұлттық әдеп нормаларын заманауи тәрбие жұмысының мазмұнына енгізу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттігі айтылды.
Депутаттардың пікірінше, амандасу мәдениетін бір реттік акция емес, ұлттық бірегейлікті нығайтатын ұзақ мерзімді мәдени саясаттың бір бағыты ретінде қарастыру қажет.