Президент биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығы атап өтілетінін еске салды. Оның айтуынша, 25 қазанда Республика күніне орай Егемендік туралы декларацияның қабылданғанына ерекше мән беріледі. Бұл құжат Қазақстанның дербес мемлекет болу жолындағы маңызды қадамына айналды.
«Міне, биыл қасиетті Тәуелсіздігімізге 35 жыл толып жатыр. Бұл тарихи меженің ұлт шежіресінде алатын орны бөлек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы ел өміріндегі тарихи өзгерістер халықтың көз алдында жүзеге асып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Жолдауда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жөніндегі ойларымен бөлісіп, алдағы міндеттерді айқындайтынын айтты.
«Ашығын айтсақ, бүгінде тәуелсіздігіміз бен егемендігімізді қорғауға қатысты барлық мәселе әлі толықтай шешімін тапқан жоқ. Бұл – алдымызда көптеген өзекті міндет тұр деген сөз», – деді Президент.