Ресей мен АҚШ басшыларының кездесуі Шэньчжэнь қаласындағы Халықаралық алмасулар орталығында өтті. Келіссөздер АТЭС саммитінің пленарлық отырысынан кейін ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Дональд Трамп Владимир Путинмен қарым-қатынасына тоқталып, Ресей басшысын көргеніне қуанышты екенін жеткізді. Сондай-ақ ол Путинді досы деп атап, екі ел арасындағы байланыстардан оң нәтиже күтуге болатынын айтты.
«Меніңше, бұл кездесуден жақсы нәтижелер шығуы мүмкін. Қалай болғанда да, оң өзгерістерге бастама болуы ықтимал», – деді АҚШ президенті.
Айта кетейік, бұған дейін АТЭС көшбасшыларының бірлескен суретке түсу рәсімі алдында Путин мен Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен амандасып, қысқаша әңгімелескен болатын.