Оқу барысында қатысушылар цифрлық платформаларға контент әзірлеу, ақпараттың шынайылығын тексеру, деректерді талдау және редакциялық жұмыста заманауи технологияларды қолдану тәсілдерін меңгерді. Сондай-ақ мультимедиалық журналистика, медиаэтика, әлеуметтік желілерге арналған материалдар дайындау және жасанды интеллект көмегімен контентті тарату мәселелері қамтылды.
Тренингтердің ерекшелігі – теориядан гөрі практикалық жұмысқа басымдық берілуі. Сабақтарды ірі компаниялар мен мемлекеттік ұйымдарға арналған ЖИ шешімдерін әзірлеу және енгізу тәжірибесі бар мамандар өткізді. Студенттер нақты мысалдарды талдап, заманауи редакциялардың жұмыс үдерісімен танысып, арнайы тапсырмаларды орындады.

«Жасанды интеллект журналисті алмастырмайды. Бірақ фактіні тексеруге, жеке көзқарасқа және кәсіби жауапкершілікке негізделмеген журналистиканың маңызын төмендетеді. Алгоритм мәтін жаза алғанымен, оның шынайылығы мен жарияланымның салдарына жауап бере алмайды. Бұл жауапкершілік журналистің мойнында. Сондықтан болашақ мамандар жаңа технологияларды меңгерумен қатар, оларды орынды қолдануды, мүмкіндіктері мен шектеулерін түсінуді үйренуі керек», – деді «Кселл» АҚ-ның (Kcell және activ брендтері) PR бөлімінің басшысы Байрам Азизов.
Білім беру жобасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Кселл» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум негізінде жүзеге асырылды. Бастама компанияның отандық журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған жұмысының жалғасы саналады.
Айта кетейік, 2025 жылы компания өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған осындай оқыту бағдарламасын ұйымдастырған болатын. Екі ай бойы Шымкент, Ақтау және Алматы қалаларында өткен тренингтерге еліміздің тоғыз өңірінен 50-ден астам журналист қатысты.