Прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жұмыс нәтижесінде ерлі-зайыпты ұйымдастырған инвестициялық пирамиданың құрылымдық бөлімшесі әшкереленді.
Олар жергілікті тұрғындарды қаражат салуға үгіттеп, арнайы инвестициялық «пакеттерді» сатып алуды ұсынған. Салымшыларға инвестицияланған ақшадан тұрақты табыс табуға уәде берілген.
Алайда бұл ұсыныстардың артында қаржы пирамидасы тұрғаны анықталды. Заңсыз әрекеттер салдарынан 21 салымшы зардап шеккен.
Сот үкімімен ерлі-зайыптының әрқайсысы 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.