weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Кеше су, бүгін лай: Астанада Есілдің бір бөлігі құрғап қалды

Астанадағы «Сарыарқа» ауданында орналасқан «Абай жолы» тұрғын үй кешенінің тұрғындары таңертең терезеден өзен арнасының тартылып қалғанын байқады. Кешке дейін суға толы болған аумақтың орнында лайлы өзен табаны көрінген. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Кеше су, бүгін лай: Астанада Есілдің бір бөлігі құрғап қалды
Фото: Әлеуметтік желіден

Оқиға болған аумақта Есіл өзені екі тармаққа бөлініп, үлкен аралды айналып өтіп, кейін қайтадан бір арнаға қосылады. Алайда су деңгейі тек өзеннің бір тармағында төмендеген.

Әлеуметтік желіде тұрғындардың бірі бұл жағдайға қатысты әзілдеп, «Біздің өзен серуендеуге кетіпті» деп жазған.

Кейін судың тартылу себебі белгілі болды. Өзеннің осы бөлігінде бөгет құрылысы жүргізіліп жатқан. Астана қаласының әкімдігі Halyqstan басылымына берген түсініктемесінде қалалық Құрылыс басқармасы Есіл өзенінде бесінші кезектегі су реттейтін бөгетті салу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізгенін хабарлады.

«Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталды, су деңгейін көтеру басталады», — деп мәлімдеді елорда әкімдігі.

Өзен арнасының уақытша тартылуы жергілікті тұрғындардың назарын аударды. Кейбірі құрғап қалған өзен табанының аясында суретке түсіп үлгерген.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер