weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
28 қыркүйек, 2023 / Рысжан Амантай / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресейдің бізге мәселесі жоқ - Тоқаев Берлинде осылай деді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей тарапынан аумақтық талап бойынша еш қауіп жоқ екенін айтты.

Ресейдің бізге мәселесі жоқ - Тоқаев Берлинде осылай деді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барды,- деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Федералдық канцлер Олаф Шольцпен келіссөздерден кейін тілшілерге берген баспасөз мәслихатында Президент Қазақстанның Ресеймен екіжақты тарапта және тиісті интеграциялық бірлестіктер шеңберінде тұрақты достық қарым-қатынаста екенін айтты.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараға келсек, ол өз уақытында делимитацияланған және айтарлықтай дәрежеде демаркацияланған, екі елдің парламенттері бекіткен және ратификациялаған. Сондықтан бізде Ресей территориялық тұрғыда талап қояды деген еш алаңдаушылық жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→