weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Махаббаттың құдірет күші әлдилеп: Қазақстанда үйленгендер саны азайыпты

2023 жылы  елімізде 120,9 мың жұп шаңырақ көтерген

Махаббаттың құдірет күші әлдилеп: Қазақстанда үйленгендер саны азайыпты
Фото: РБК

Қазақстанда 19 жыл ішінде неке қиғандар саны әжептәуір азайған,-деп хабарлайды Newsroom.kz

2023 жылы  елімізде 120,9 мың жұп шаңырақ көтерген. 2022 жылмен салыстырғанда бұл шамамен 6% - ға немесе 7,5% - ға аз. Қазір көрсеткіш ең төменгі деңгейде.

Неке коэффициенті 1000 адамға 6,07 құрады.

Сондай-ақ осы кезеңде 16,7 мың ажырасу тіркелді (соттың некені бұзу туралы шешімін есепке алмағандағы АХАТ органдарының деректері бойынша).

Бұл да 2022 жылғы деңгейден 5,3% аз.

Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,84 құрады.

Бірінші кредит бюросының мәліметінше, 120 мың неке — соңғы 19 жылдағы ең төмен көрсеткіш. 

Құлдырау Ұлытаудан өзге бүкіл облыста тіркелген. 

Халық тығыз қоныстанған Түркістан облысында жаңа некенің саны 1,5 мыңға азайған.

Бұл жалпы көрсеткішке айтарлықтай әсер етті. Бүкіл құлдыраудан 20 пайыз осы өңірге тиесілі.  

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→