weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қарағандыда жер үйде жарылыс болыпты

Оқиғаның мән-жайы анықталуда

Қарағандыда жер үйде жарылыс болыпты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін таңғы 03:30 шамасында Қарағанды қаласында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы ТЖМ -не сілтеме жасап.

Нақтыланған ақпарат бойынша бу жылыту қазандығы жарылып, салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған.

Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты.

ТЖД күшімен үйінді астынан 1966 жылы туған ер адам мен 2008 жылы туған қыз бала шығарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына берілді.       

"Оқиға болған жерді тексеру нәтижесінде бір пәтерде тұрмыстық газ баллоны пайдаланылғаны анықталды. Себептері анықталуда", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, өртті жоюға ТЖД, апаттар медицина орталығынан, полиция қызметінен 45 адам, 13 техника жұмылдырылды.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→