weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев Әзербайжан президентімен келіссөз жүргізіпті

Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тоқаев Әзербайжан президентімен келіссөз жүргізіпті
Фото: Akorda.kz

Бакуге мемлекеттік сапармен келген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Newsroom.kz 

Ақорда ресми сайтының мәліметінше Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан президенті сайлауындағы айқын жеңісімен және биыл Бакуде СОР 29 саммитін өткізу мүмкіндігіне ие болуымен құттықтады. Президент Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастығының мазмұны байып, бірлескен ірі жобалармен толыға түскенін және қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалады. Өз кезегінде Әзербайжан президенті Қазақстанмен арадағы бауырластық байланыстардың беки түскенін айтты. Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру, азық-түлік қауіпсіздігі және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ықпалдастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар екі ел экономикасының дамуына тың серпін беретін инвестициялық жобаларды іске асыру перспективасы қарастырылды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→