weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
3 қараша, 2024 / Перизат Ілес / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қарағандыда ұрланған жылқылар анықталды

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда ұрланған жылқылар анықталды
Фото: Polisia.kz

Қарағандыда мал ұрлығына қарсы қойылған бекетте ұрланған жылқылар анықталды, – деп хабарлайды newsroom.kz

Полиция мәліметінше, 2 қараша күні таңғы сағат 04:00 шамасында Қарағанды қаласына кіре берісте орналасқан мал ұрлығына қарсы бекетте тұрған полиция қызмектерлері 57 жастағы азаматтың басқаруындағы КамАЗ автокөлігін тоқтатқан. Көлік ішінде жүргізушімен қоса 57 жастағы азамат және оның 29 жастағы ұлы болды. Ал көліктен 40 бас жылқы анықталды.

Жүргізушінің айтуынша, жылқылар 57 жастағы жолаушыға тиесілі екен, алайда тексеріс кезінде жылқылардың нақты оған тиесілі екенін анықтайтын құжаттары болмады. Олар жылқыларды Ақтоғай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен қалаға сатуға әкеле жатқаны анықталды. 

Полиция ақпаратына сәйкес, жылқылардың нақты кімге тиесілі екенін анықтау мақсатында көлік полиция бөліміне жеткізілді. Криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды суретке түсіріп, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жолдап, кейін олар ауыл тұрғындары отыратын WhatsApp чатқа таратқан.

Сондай-ақ, онда таратылған фотолардың нәтижесінде аудан тұрғындарының жылқысын бағатын бақташы өзіне тиесілі екі жылқыны таныды.Қазіргі уақытта барлық жылқы Үштөбе ауылындағы үйлердің бірінің қорасына түсіріліп, ол жерге полиция қызметкерлері күзет қойды.

Айта кетелік, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің негізінде басқа да жәбірленушілерді және қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шараларды жүргізіп жатыр.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→