weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Пойыз үстіне көпір құлап, адамдар қаза тапты

Бүгін түнде Ресейдің Брянск облысында жойқын апат болды: «Климов — Мәскеу» бағытындағы жолаушылар пойызының үстіне көпірдің бір бөлігі құлап, кемінде үш адам көз жұмып, 25-тен астам жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Пойыз үстіне көпір құлап, адамдар қаза тапты
Фото: РБК видеосынан кадр

Алдын ала болжам бойынша, көпір қасақана жарылған. Жарылыс сәтінде көпір үстімен жүк көлігі, ал астымен жолаушылар пойызы өтіп бара жатқан. Соның салдарынан локомотив пен төрт вагон жолдан шығып кетті.

Қаза болғандар арасында — пойыз машинисі мен локомотив бригадасы, сондай-ақ жолаушылар бар. Жараланғандардың ішінде балалар да бар. Апат орнында алғашқы көмекті жолаушылар өздері көрсетті, кейіннен құтқарушылар келіп жетті.

Құтқару жұмыстары түнде жүргендіктен, жағдайды қиындатқан.
5 айлық сәби ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Екі машинисттің де қаза тапқаны нақтыланды. Қазір құтқарушылар зақымданған вагондарды кесіп, ішінде қалып қойғандарды сыртқа шығаруға тырысуда.

Зардап шеккендер саны әлі нақтыланып жатыр, ауыр жараланғандарды қажет болған жағдайда Мәскеуге жеткізу жоспарланып отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→