weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қарағандыда әйел жетінші қабаттан құлап көз жұмды

Оқиға 31 шілде күні таңертең Қарағандыдағы Әшімов көшесіндегі шағынаудандардың бірінде болды. «Трилистник» тұрғын үй кешені аталып кеткен ғимараттағы бейнебақылау камералары оқиғаны жазып алған.

Қарағандыда әйел жетінші қабаттан құлап көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Видеода әйел адамның жоғарғы қабаттағы ернеуде біраз уақыт отырғаны, артынша кенеттен секіріп кеткені көрінеді. Құлаған сәтте алдымен кіреберістегі шатырға соғылып, кейін жерге құлаған. Бейнежазбадағы көрініске қарағанда алған жарақаты қатты ауыр болған.

Куәгерлердің айтуынша, әйел шамамен 40–45 жаста болған. Қазіргі уақытта оның жеке басы анықталған жоқ. Қарағанды облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады. Ведомство «қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр» деп мәлімдеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→