weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қызылордада Республика күні аталып өтті

Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті.

Қызылордада Республика күні аталып өтті

Өнер орталығында ұйымдастырылған жиында аймақ әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындарды Ұлттық мерекемен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты.

Әкімнің айтуынша, облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі биыл 3 триллион теңгеден асады. Соңғы үш жылда аймаққа 1,6 трлн теңге инвестиция тартылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 720 млрд теңгеден асады деп жоспарланған. 2025-2028 жылдары 2 трлн теңгеден асатын 89 жоба жүзеге асырылып, 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ облыс бюджеті Президент пен Үкіметтің қолдауымен 851,3 млрд теңгеге жетіп, 2022 жылмен салыстырғанда 233 пайызға өскені атап өтілді. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Даму бюджеті 4,5 есеге өсіп, 47 млрд теңгеден 207 млрд теңгеге дейін ұлғайған.

Салтанатты шара барысында аймақтың дамуына үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды. Концерттік бағдарлама ұсынылды.

Республика күні — ел бірлігі мен тәуелсіздіктің символы.
Қызылорда облысы мерекені толымды нәтижелермен қарсы алып отыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→