Казинолардың нақты орналасатын орындарын өңірдің инфрақұрылымын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, әрбір жаңа ойын аймағы мемлекетке 2–3 млрд теңге көлемінде салық түсімін әкеліп, шамамен 500 жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Министр бұл бастама туристер санын арттыруға бағытталғанын және халықаралық тәжірибеге сай екенін атап өтті.
Сонымен қатар, казинолар тек шетелдіктерге арналған болатынына ерекше мән берілді. Қазақстан азаматтарына ставка жасауға тыйым салынады. Министрдің сөзінше, әлеуметтік сауалнамалар нәтижесінде жергілікті тұрғындар бұл бастаманы қолдаған.
«Бұл салық түсімдерінің артуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Казинолар салық төлейді», — деді ол.
Жобаны іске асырудың барлық тетіктері жергілікті билік пен салалық ведомстволардың қатысуымен әзірленетін жол картасында нақтыланатын болады.