weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Иран президенті мәлімдеме жасады: «Жаңа кезең басталды»

Иран басшысы халыққа телеүндеу жасап, елдің жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанын жариялады.

Иран президенті мәлімдеме жасады: «Жаңа кезең басталды»

Иран Президенті Масуд Пезешкиан өңірдегі ахуалдың ушығуына байланысты халыққа арнап телемәлімдеме жасады.

Ол өз сөзінде Иран қарсыластарының әскери инфрақұрылымын жоюға ниетті екенін айтып, ел ішінде бірлік пен тұтастықты сақтауға шақырды.

Пезешкиан телеүндеу барысында Иранның рухани жетекшісі Али Хаменеи қаза тапқанын ресми растады. Президент халыққа көңіл айтып, ел жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Уақытша басқару кеңесінің жұмысқа кіріскені хабарланды. Оның құрамына Президенттің өзі, сот жүйесінің басшысы Голам-Хоссейн Мохсени-Эджеи және аятолла Әлиреза Арафи енген.

Пезешкиан ұлттық арнадағы үндеуі арқылы өзінің қаза тапқаны жөніндегі қауесеттерді жоққа шығарды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→