Бұл туралы ол Брунейдің екінші сыртқы істер министрі Эриван Юсуфпен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Иран ядролық қару жасап жатыр деген дәлелді осы күнге дейін ешкім көрген жоқ. Ал дәл осы айыптау соғыстың басты, тіпті жалғыз негіздемесі ретінде айтылды», — деді Лавров.
Министрдің сөзінше, МАГАТЭ мен АҚШ барлау қызметінің деректерінде Тегеранның ядролық қару өндірмегені және оны жасауға талпыныс жасамағаны көрсетілген.