weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада «Қазақстан жастары – 2026» ұлттық баяндамасы талқыланды

Елордада «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында «Қазақстан жастары – 2026» ұлттық баяндамасының құрылымы сарапшылар деңгейінде қаралды. Жиын жастар ортасындағы жаңа өзгерістер мен мемлекеттік жастар саясатын талдаудың өзекті бағыттарына арналды.

Астанада «Қазақстан жастары – 2026» ұлттық баяндамасы талқыланды
Фото: eljastary.kz

Талқылауға мемлекеттік органдар, сарапшылар, зерттеу ұйымдары, халықаралық құрылымдар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Кездесу барысында ұлттық баяндаманың маңызы атап өтіліп, оның жастар арасындағы үрдістерді уақытылы анықтауға және мемлекеттік шешімдер қабылдауда маңызды құрал екені айтылды.

Сарапшылардың пікірінше, құжат жыл сайын жаңартылып, жастар ортасындағы әлеуметтік үдерістерді кешенді түрде саралауға мүмкіндік береді. Биылғы құрылым жаңа трендтерді ескере отырып жасалған. Атап айтқанда, жасанды интеллект, цифрлық қауіпсіздік, еңбек нарығындағы өзгерістер, құндылықтар трансформациясы мен жастардың мінез-құлық үлгілері қамтылған.

Демографиялық жағдай да негізгі факторлардың бірі ретінде қарастырылып, оның жастар саясатына ұзақ мерзімді ықпалы ерекше атап өтілді. Сонымен қатар жастардың құндылық бағдарлары қоғамдағы өзгерістердің маңызды көрсеткіші ретінде бағаланды.

Жиында цифрлық ортадағы қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және әлеуметтік осалдық мәселелері де кеңінен қозғалды. Сарапшылар бұл бағыттарды зерттеу қазіргі кезеңде аса өзекті екенін жеткізді.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар жастар саясатын ғылыми тұрғыда қолдауды күшейтіп, жаңа әлеуметтік өзгерістер жағдайында жастардың құндылықтарын терең зерттеу қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы 2013 жылдан бері жыл сайын әзірленіп келеді. Биыл 14-ші баяндама дайындалуда.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→