Хатта марқұмды Түркістан облысы Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесінің маңына жерлеу сұралған. Бұл ақпаратты Baribar.kz порталы жариялады.
Мәліметке сәйкес, хат Е-өтініш жүйесі арқылы ақынның келіні Жаңагүл Өмірбектің атынан жолданып, 2026 жылдың 15 сәуірінде тіркелген. Құжат Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне бағытталған.
Uzhdan жобасының жетекшісі Назерке Шәкірбай бұл ақпаратты журналистерге жолдап, хаттың ақынның жұбайының рұқсатымен жарияланғанын жеткізді.
Айта кетейік, Ханшайым Шаханова бұл өтінішті ақын ауыр хәлде жатқан сәттен бастап жазған. Хатта Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты нақты көрсетілген.
