Бірыңғай QR арқылы қазірдің өзінде 20 млн-нан астам транзакция жасалған. Олардың жалпы сомасы 400 млрд теңгеден асты. Жүйе биыл 19 шілдеде іске қосылған.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, банкаралық мобильді төлемдерді дамыту Қазақстанның ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын қалыптастырудың маңызды кезеңдерінің бірі болып отыр.
«Биыл банкаралық мобильді төлемдер жүйесін — бірыңғай QR-ды іске қостық. Жүйе 19 шілдеде жұмысын бастады. Қазірдің өзінде 20 млн транзакция жасалып, оның сомасы 400 млрд теңгеден асты. Бірыңғай QR нарықтың 25 пайызын алып отыр», — деді Ұлттық банк басшысы.
Ұлттық банк мәліметінше, Қазақстанда цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасып келеді. 2023 жылы цифрлық теңге, ал 2024 жылы Ұлттық антифрод-орталық іске қосылған.