weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Оңтүстік Кореядағы орман өрттері кемінде 18 адамның өмірін қиды

Оңтүстік Кореядағы орман өрттері мыңдаған тұрғынның эвакуациялануына себеп болды, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Euronews сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореядағы орман өрттері кемінде 18 адамның өмірін қиды
Фото: aa.com

Бұл – ел тарихындағы ең ірі табиғи апаттардың бірі. Өрт 22 наурызда бірнеше өңірде басталып, оған қатты жел мен құрғақ ауа райы түрткі болды.  

Тілсіз жаумен күресуге жүздеген өрт сөндіруші мен әскери бөлімшелер тартылды. Жалын 43 000 гектардан астам аумақты шарпыды. Өрт салдарынан көне будда ғибадатханасы, тұрғын үйлер мен кәсіпорындар жойылды.  

Санчхон өңірі апат аймағы деп жарияланып, қосымша мемлекеттік көмек бөлінді. Елдің уақытша президенті Хан Док-су зардап шеккен аймақтарға барып, эвакуациялық орталықтарда орналасқан тұрғындармен кездесті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→